Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год по городу Рудному Қолданыста
Басқа 0
Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарындағы хостелдерді, қонақ жайларды, және жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.