Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2026 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі мен субсидия нормасы
қаулысына қосымша 2026 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі мен субсидия нормасы № Басым дақылдар атауы Субсидия нормасы, теңге 1 Күнбағыс 31 000 2 Зығыр 5 800 3 Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер 11 892 365,8