Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий в городе Шымкент на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «____» _________ № ______ қаулысына қосымша Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары № Ба­сым ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ата­уы Өл­шем бір­лі­гі тон­на, гек­тар Суб­си­дия нор­ма­ла­ры, тең­ге 1 Мақ­са­ры (май­лы да­қыл тү­рін­де өсі­ріп-өн­ді­ру) тон­на 20 000 2 Өнер­к­ә­сіп­тік жы­лы­жай­да­ғы кө­кө­ніс гек­тар 8 148 120,0 3 Фер­мер­лік жы­лы­жай­да­ғы кө­кө­ніс гек­тар 4 858 142,8