Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал қаласы бойынша 2026 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2026 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Орал қаласы бойынша 2026 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
қаулысына қосымша Орал қаласы бойынша 2026 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі № Марш­рут­тар­дың ата­уы 1 Орал қа­ла­сы – «Учуж­ный за­тон» бау-бақ­ша се­рік­те­сті­гі – Орал қа­ла­сы 2 Орал қа­ла­сы – «Бар­ба­стау» бау-бақ­ша се­рік­те­сті­гі – Орал қа­ла­сы