Об утверждении минимального размера взносов на управление объектом кондоминиума в городе Астане на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласында 2026 жылға
арналған кондоминиум объектісін
басқаруға арналған жарналардың
ең төмен мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесіне (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20284 болып тіркелген) сәйкес, Астана қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін 1 шаршы метр үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,016 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.