Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год по городу Семей Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.