Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год в Астраханском районе Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданында шетелдіктер
үшін 2026 жылға арналған туристік
жарнаның мөлшерлемелерін бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.