Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
2026 жылғы 3 сәуірдегі № 122 қаулыға қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Айына 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кіші түрі Қызмет алушының жағдайы 1 2 3 4 5 6 1. Үйде қызмет көрсету Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар). 4584,3 96270,98