Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ А-4/138 қаулысына
қосымша
2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге
1
Күнбағыс
5000
2
Рапс
5000