Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур по Павлодарской области на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған Павлодар облысы бойынша басым дақылдар тізбесін және басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға субсидиялар нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылға Павлодар облысы бойынша басым дақылдар дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республиқасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамассыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2026 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға субсидиялар нормалары
Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы «7» сәуірдегі № 85/1 қаулысына қосымша 2026 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға субсидиялар нормалары № Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Өлшем бірлігі, тонна, гектар 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге 1 Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер гектар 9 323 809 2 Қарақұмық тонна 20 000