Об утверждении сроков приема документов и проведения конкурса на международную стипендию «Болашак» в 2026 году Қолданыста
Басқа 0
2026 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 73-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2026 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері:
құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 16 наурыз бен 16 қазан аралығы;
конкурсты өткізу: 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.