О предоставлении в 2026 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппарата акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Сауран Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сауран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 болып тіркелген) сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сауран ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып, 2026 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауданға келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.