Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2026 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «23» сәуірдегі № 60 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «23» сәуірдегі № 60 қаулысымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (1 сағат, теңге) 300 7414