Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Байзақ ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қасымовқа жүктелсін.
Басқа 7. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері
Байзақ ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі №128
қаулысына қосымша
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін мекеменіңа атауы
Қызмет түрлері
Бір қызмет алушыға шаққандағы айлық тариф (теңгемен)
Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)
1.
«Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету
63320,84
2878,22
2
Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
196952,58
8952,39