Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Каркаралинскому району на 2026 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға Қарқаралы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға Қарқаралы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін жетпіс теңге қырық үш тиын сомасында бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.