Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланған күннен кейін оның Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С. Ахметоваға жүктелсін.
Басқа 7. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері
Жуалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» __________ № _____ қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы Қызмет түрлері Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен) 1. «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 3176,5 2 Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар Психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар 8826,0