О призыве военнообязанных на воинские сборы в 2026 году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 270 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі