Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год по Курчумскому району Қолданыста
Басқа 0
Күршім ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы
шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10- тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (келісімімен) шетелдіктер үшін туристік жарна ставкалары туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.