Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Басқа 5. 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «10» шілдедегі
№ 137 қаулысына 1-қосымша
2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны*
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
жарты күн болатын топта, жалпы білім беретін мектептегі мектепалды даярлық сыныбында
9 сағаттық болу режимі бар топта
Туберкулез, аллергия ауыруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық болу режимі бар топта
түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық болу режимі бар топта
ауыл
28 249
23 759
51 836
98 359
122 948
қала
26 257
23 491
50 040
91 976
114 105
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.
Басқа 6. 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «10» шілдедегі
№ 137 қаулысына 2-қосымша
2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекен атауы
Тәрбиеленушілер саны*
Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
Қызылорда
23 851
қала
22 413
15 885
21 530
ауыл
1 438
15 885
21 530
Арал ауданы
4 506
қала
2 404
10 000
12 000
ауыл
2 102
10 000
12 000
Қазалы ауданы
3 947
қала
305
13 200
14 300
ауыл
3 642
14 300
15 400
Қармақшы ауданы
4 487
қала
1 135
13 000
15 000
ауыл
3 352
12 000
13 000
Жалағаш ауданы
2 835
ауыл
2 835
9 000
10 000
Сырдария ауданы
2 125
ауыл
2 125
9 000
10 000
Шиелі ауданы
6 439
ауыл
6 439
12 000
12 000
Жаңақорған ауданы
6 316
ауыл
6 316
8 000
10 000
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.