Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных водных объектов по области Жетісу на 2026 год Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 628-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ «Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 157-НҚ бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38793 болып тіркелген) Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 39-248 шешіміне қосымша Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы № р/с Арнайы су пайдалану түрі өлшем бірлігі 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі, теңге Балқаш және Алакөл көлдері бассейні 1. Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 текше метр 57,5 2. Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп теңге/1000 текше метр 172,5 3. Ауыл шаруашылығы теңге/1000 текше метр 17,2 4. Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары теңге/1000 текше метр 17,2 5. Гидроэнергетика теңге/1000 киловатт-сағат 402,5 6. Су көлігі теңге/1000 шақырым 86,3