Об утверждении минимального размера взносов на управление объектом кондоминиума по Сандыктаускому району на 2026 год Күшіне енбеген
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жылдық шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 0,016 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айына бір шаршы метр үшін бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.