Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2026–2030 учебные годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына, 62-бабының 5-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Техникалық және кәсіптік бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «____»________ № ______________қаулысына 1-қосымша Техникалық және кәсіптік бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы Р/с № Кадрларды даярлау коды мен бағыты Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) Оқу жылы үшін бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) 1 2 3 4 1. 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 300 427 014 2. 01130300 Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру (деңгейлері бойынша) 100 427 014 3. 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі 594 427 014 4. 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 100 427 014 5. 01140700 Информатика 25 427 014 6. 02110300 Графикалық және мультимедиялық дизайн 125 435 664 7. 02120100 Интерьер дизайны 200 483 239 8. 02140100 Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) 25 483 239 9. 04110100 Есеп және аудит 150 435 664 10. 04130100 Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) 25 435 664 11. 04130200 Логистика (салалар бойынша) 50 435 664 12. 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) 150 435 664 13. 05320300 Гидрогеология және инженерлік геология 80 483 239 1 2 3 4 14. 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 440 435 664 15. 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 40 435 664 16. 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1485 435 664 17. 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) 95 483 239 18. 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) 225 483 239 19. 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 25 483 239 20. 07140300 Мехатроника (салалар бойынша) 45 483 239 21. 07140500 Сандық техника (түрлері бойынша) 50 435 664 22. 07140600 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу 75 435 664 23. 07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару 125 483 239 24. 07140800 Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану 25 483 239 25. 07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 200 483 239 26. 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) 100 483 239 27. 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 100 483 239 28. 07160400 Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану 25 483 239 29. 07160500 Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 250 483 239 30. 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 500 483 239 31. 07210100 Ет және ет өнімдерін өндіру 30 483 239 1 2 3 4 32. 07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі 200 483 239 33. 07211300 Тағам өндірісінің технологиясы 150 483 239 34. 07221400 Жиһаз өндірісі 25 483 239 35. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 150 483 239 36. 07310100 Архитектура 50 483 239 37. 07310200 Геодезия және картография 80 483 239 38. 07310400 Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру 60 483 239 39. 07310500 Ландшафтық дизайн 50 483 239 40. 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану 150 483 239 41. 07320400 Жылжымайтын мүлікті басқару 75 483 239 42. 07320700 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану 25 483 239 43. 07320800 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы 50 483 239 44. 07321000 Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) 125 483 239 45. 07321100 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану 75 483 239 46. 07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану 40 483 239 47. 08120100 Бақ-саябақ шаруашылығы 20 435 664 48. 08210100 Орман шаруашылығы 15 435 664 49. 09130100 Мейіргер ісі 150 567 217 50. 09130200 Акушерлік іс 25 567 217 51. 09140100 Лабораториялық диагностика 25 567 217 1 2 3 4 52. 09230100 Әлеуметтік жұмыс 50 435 664 53. 10120100 Шаштараз өнері 75 483 239 54. 10130100 Қонақ үй бизнесі 400 483 239 55. 10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру 125 483 239 56. 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру 950 483 239 57. 10150100 Туризм 350 435 664 58. 10320100 Өрт қауіпсіздігі 100 483 239 59. 10410200 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 250 483 239 60. 10410400 Жол қозғалысын ұйымдастыру 75 483 239 ______________________________
Басқа 1. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «____»_________ № ______________ қаулысына 2-қосымша Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы Р/с № Кадрларды даярлау коды мен бағыты Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) Оқу жылы үшін бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) 1. 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 100 427 014 2. 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі 200 427 014 3. 01130100 Логопедия 150 427 014 4. 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 50 435 664 5. 07130100 Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша) 25 483 239 6. 07140500 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 25 483 239 7. 09130100 Мейіргер ісі 76 567 217 ______________________________