Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Сатпаев на 2027 – 2031 годы Күшіне енбеген
Басқа 0
Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға арналған
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға арналған
жоспар
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2026 жылғы 17 маусымдағы
№ 288 шешімімен
бекітілген
Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға арналған
жоспар
Тарау 1. 1 тарау. Кіріспе
1 тарау. Кіріспе
Тармақ 1
1. Осы Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Жоспарды әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылды:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен 2018 жылы әзірленген Сәтбаев қаласының жерлерін геоботаникалық зерттеу жөніндегі есебі;
Ұлытау облысының ветеринария басқармасының «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер;
Ұлытау облысының ветеринария басқармасының «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер;
Ұлытау облысының ветеринария басқармасының «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;
мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалармен ұсынылған өзге де деректер.
Тармақ 3
3. Сәтбаев қаласының индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылығы әлеуеті үлкен емес және қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімі негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі.
Тармақ 4
4. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығын дамыту неғұрлым өзектіленіп келеді. Соңғы жылдары қаланың аграрлық секторында өнімдердің жалпы көлемінің тұрақты өсуі және агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды дамуы байқалуда.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану саланы тұрақты дамытудың құрамдасы болып табылады.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану – бұл жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыруда жерді қорғауды және табиғи факторлармен өзара оңтайлы әрекеттесуді есепке ала отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәсілдерімен жоғары дәрежеге жетуді қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Жайылым пайдаланушылар үшін жайылымдарды тоздырмай тиімді пайдалану басты міндет болып табылады.
Тарау 2. 2 тарау. Жалпы мәліметтер
2 тарау. Жалпы мәліметтер
Тармақ 8
8. Сәтбаев қаласы Ұлытау облысында орналасқан. Жезқазған қаласының облыс орталығынан қашықтығы 12 км.
Тармақ 9
9. Сәтбаев қаласының жалпы ауданы 110 435 гектарды, халық саны 69 889 адамды құрайды (2026 жылдың 1 қаңтарына).
Тармақ 10
10. Сәтбаев қаласы өз шекарасында мынадай шектеседі: солтүстігінде – Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылдық округінің қорындағы жерлер, шығысында – Кеңгір және Талап ауылдық округтерінің және Жезқазған қаласының жерлері, батысында – Ұлытау ауданының Қарсақпай және Ұлытау ауылдық округтерінің жерлері.
Тармақ 11
11. Әкімшілік бағыныстағы жерлердің шектес жер пайдаланушылары: шығыс жағынан – Жезқазған қаласының жерлері, оңтүстік, батыс және солтүстік жағынан – Ұлытау ауданының Қаракеңгір, Қарсақпай және Ұлытау ауылдық округтерінің жерлері.
Тармақ 12
12. Сәтбаев қаласы кен өндіру саласындағы дамыған қалалардың бірі болып табылады. Тау-кен және өңдеу өнеркәсіптері қала экономикасын дамытудың негізгі бағыттары болып табылады. Қала аумағында мыс кенін өндіруді «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы 48 шаруа қожалығынан және 286 жекеменшік шаруашылықтан тұрады. Ауыл шаруашылығының ірі кәсіпорындары жоқ. «Горняк», «Восток», «Меридиан» үш бау-бақша қоғамы бар, олар 755 қоғам мүшелерінен тұрады.
Тармақ 14
14. Мал шаруашылығы қаланың тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша экономиканың аграрлық секторының негізгі салаларының бірі болып табылады. Сәтбаев қаласының өсімдік шаруашылығы іс жүзінде дамымаған, ол картоп пен көкөністің шағынтауарлы өндірісімен ұсынылған.
Тармақ 15
15. Мал жартылай қорада ұсталады. Жайылым кезеңі сәуір айының соңы – мамыр айының басында басталып, қазан айының соңы – қараша айының басында аяқталады. Қыста мал қорада ұсталады. Қорада ұстау кезеңіне жем-шөп ішінара табиғи шабындықтардан, түбегейлі жақсартылған жерлерден дайындалады.
Тарау 3. 3 тарау. Климат
3 тарау. Климат
Тармақ 16
16. Топырақтың түзілуінде климат үлкен рөл атқарады. Зерттеліп отырған шөлейтті белдемде орналасқан жер учаскесінің климаты шұғыл континенталды, қысы суық, қар аз, жазы құрғақ, ыстық. Климаттың континенталдығы ауа температурасының жылдық және тәуліктік үлкен амплитудаларымен байқалады. Ең суық ай – қаңтар, ауаның тәуліктік орташа температурасы -12°С, -19°С аралығында. Облыс бойынша орташа абсолюттік минимум -32°С, -40°С болса, абсолюттік максимум -38°С, -46°С көрсетеді.
Тармақ 17
17. Шұғыл континенталдық және едәуір құрғақшылық зерттеліп отырған аумақтың климатына тән ерекшелік болып табылады. Клиамттың континенталдығы жылдық және тәуліктік амплитудалардың шұғылдығымен, қыстан жазға жылдам өтумен сипатталады. Ылғалқамтамасыздық – зерттеліп отырған ауданның климатының шектеулі факторы.
Тармақ 18
18. Агроклиматтық аудандастыру бойынша сипатталып отырған аудан өте құрғақ ыстық ауданға жатады. Ол негізгі учаскенің барлық аумағын алып жатыр және келесі көрсетіштермен сипатталады: 10С-тан жоғары белсенді температура сомасы 3400-3900°С тең.
Тармақ 19
19. Қар жамылғысы желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыптасады, оның биіктігі 10-25 сантиметрден аспайды. Көбіне күшті желдер даладағы қарды ұшырып әкетеді.
Тармақ 20
20. Көктем – ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°C-тан +15°C-қа дейін болатын жыл мезгілі. Көктем мезгіліне ауа температурасының тез жоғарлауы, оның тәуліктік ауытқулары және инсоляцияның көбеюі тән. Температурасы 10°C-тан жоғары болатын орташа кезеңінің ұзақтығы 178-180 күнді құрайды.
Тармақ 21
21. Орташа ауа температурасы 0°C-ден жоғары болатын жылы кезең 198 күннен 223 күнге дейін, ал ауадағы аязсыз кезең 90-170 күнге дейін, топырақтағы 70-60 күнге дейін созылады. Зерттелген учаске аумағында жыл сайынғы жауын-шашын мөлшері 100-120 миллиметр аралығында өзгереді. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі бөлінеді, бірақ жылы кезеңде жауын-шашын мөлшері суық мезгілге қарағанда көбірек болады.
Тарау 4. 4 тарау. Жер бедері
4 тарау. Жер бедері
Тармақ 22
22. Сәтбаев қаласының жерлері шөлді дала аймағына жатады. Зерттеу нысанында рельефтің алуан түрлері бар: қатты тегіс және тегіс жазықтықтар, аңғарлар мен өзен жағалары, ұсақ шоқылар, шоқылардың бөктерлері. Рельефтің басым түрі шамалы белесті жазық болып табылады.
Тармақ 23
23. Зерттелген аумақтың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігін тегістелген ұсақ шоқылар мен тегіс жазықтықты төбешіктер алып жатыр. Олардың абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 340-450 метр шегіне дейін ауытқиды. Ұсақ шоқыларға жартастар мен тас үйінділері сипатты қалың жыныстар тән. оқылардың арасы өте жиі, жалпақбөктерлі және ойыстүпті тұйық оймауыттарға ұқсайды.
Тармақ 24
24. Ұсақ шоқылардың рельефі әртүрлі ойпаттармен, су ағындарының құрғақ арналарымен күрделенген. Шоқылардың басында аз дамыған топырақтар қалыптасқан.
Тарау 5. 5 тарау. Өсімдік
5 тарау. Өсімдік
Тармақ 25
25. Топырақтың қалыптасуының негізгі табиғи факторларының бірі – өсімдіктер болып табылады және табиғи ландшафттың генетикалық біріктірілген элементтері ретінде топырақ пен өсімдіктер арасындағы органикалық өзара қатынас әрдайым анық байқалады. Өсімдіктер жамылғысының әсерінен топырақ қабатының айтарлықтай өзгергіштігі байқалады.
Тармақ 26
26. Шөл аймақтың өсімдіктеріне құрғақшылыққа бейімділік, сиректік және кешенділік тән.
Тармақ 27
27. Өсімдік жамылғысында климаттың құрғақшылығы әсерінен тамыр жүйелері терең дамыған әртүрлі жартылай бұта тектестер мен бұталар басымырақ. Эфемер өсімдіктері жаз мезгілінде жанып кетіп, күзгі кезеңде қайтадан өседі.
Тармақ 28
28. Өсімдік жамылғысы жер бедерімен, ылғалдандырылу жағдайымен тығыз байланысты және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шаруашылық аумағында өсімдіктер көбінесе жайылым және шабындық маңызы бар болып келеді.
Тармақ 29
29. Тегістіктердің және ұсақ шоқылардың жайылымдарындағы шөп шабындықтарында негізінен далалық шөптерден – боз, бетеге, қылқан селеу, жусандардан – жіңішке сабақты жусандар, ақ жусан, қара жусанды жусан, сораңдардан биюргун, кокпек және басқалары кездеседі.
Тарау 6. 6 тарау. Гидрография, гидрология және сулану
6 тарау. Гидрография, гидрология және сулану
Тармақ 30
30. Сәтбаев қаласының гидрографиялық жүйесі біркелкі дамыған. Аймақта Сансызбай, Жыланды, Қосқопа, Жезді және Қаракеңгір өзендері бар.
Тармақ 31
31. Жезді өзені Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс баурайынан бастау алады. Өзеннің жалпы бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай. Жезді өзеніне өте ұсақ өзендер мен бұлақтар құяды. Өзеннің арнасының ені 20 метрден 60 метрге дейін өзгеріп тұрады.
Тарау 7. 7 тарау. Геоботаника
7 тарау. Геоботаника
Тармақ 32
32. Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағы шөл дала аймағында орналасқан және Орталық Қазақстан ауданына жатады.
Тармақ 33
33. Сәтбаев қаласында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі 1 қосымшаға сәйкес ұсынылған.
Тарау 8. 8 тарау. Топырақ
8 тарау. Топырақ
Тармақ 34
34. Топырақ қалыптастырушы жыныстар топырақтың қалыптасу процесіне айтарлықтай әсер етеді. Топырақ қалыптастырушы жыныстардың қасиеттері, сондай-ақ қалыңдығы пайда болған топырақтың қасиеттеріне, ерекшеліктеріне және ауыл шаруашылық қолданылуына шешуші әсер етеді, өйткені олардың түпкі қасиеттерін, механикалық құрамын, тұздылығын, сортаңдануын және тағы басқаларды алады.
Тармақ 35
35. Ауылдық аймақ территориясында топырақ қалыптастырушы жыныстар ұсынылған:
Тармақша 1
1) пролювиалды-делювиалды шөгіндімен;
Тармақша 2
2) элювиалды-делювиалды шөгіндімен;
Тармақша 3
3) үшінші балшықтармен;
Тармақша 4
4) байырғы жыныс элювийімен.
Тармақ 36
36. Учаске аумағында шамалы белесті жазықтықта қалыптасатын пролювиалды-делювиалды шөгінділер кең тараған. Бұл қабаттар пролювиалды және делювиалды процестердің бірлескен әсерінен қалыптасқан төрттік желмен мүжілу өнімдері болып табылады, олар жоғарғы қабаттардан әлсіз су ағындары мен айтарлықтай күшті (сел) ағымдармен элювиалды мүжілу өнімдерін көшіру және қайта түзілу нәтижесінде пайда болады.
Тарау 9. 9 тарау. Табиғи жемшөптік жерлер
9 тарау. Табиғи жемшөптік жерлер
Тармақ 37
37. Сәтбаев қаласының аумағы шөл дала аймағына жатады, сонымен қатар сан алуан рельефтік формаларға, топырақтың күрделілігіне, ылғалдандыру шарттарына ие. Сәтбаев қаласының ерте көктемдік флорасы зерттеу объектілері болып табылды. Рельефтің әр типтілігі және әркелкілігі, сондай-ақ жер қабатының әртүрлілігі өсімдік жамылғысының алуан түрлілігін қалыптастырады.
Тармақ 38
38. Рельефтің негізгі типтері – төменгі толқынды жазық, ұсақ шоқылық, өзендер мен бұлақтар алқаптары.
Тармақ 39
39. Сәтбаев қаласының аумағында әртүрлі мөлшерде жусан кездеседі, оның ішінде тегіс жусан, нитрозды жусан, Шренка жусаны, Лерхиановая жусаны басым. Жусанның әрбір түрі белгілі бір нақты орындарда өседі және экологиялық жағдайды анықтайтын жақсы көрсеткіш болып табылады.
Тарау 10. 10 тарау. Қаланың жер қоры жағдайы және оны пайдалану
10 тарау. Қаланың жер қоры жағдайы және оны пайдалану
Тармақ 40
40. Сәтбаев қаласының аумағы 110 435 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55 857 гектарды құрайды. Бау-бақша және саяжай құрылысына арналған жер 110 гектарды құрайды. Азаматтардың шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлері-51 005 гектар.
Тармақ 41
41. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жері 4 гектарды құрайды. Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері 8 гектарды құрайды.
Тармақ 42
42. Елді мекендердің жерлері бір елді мекеннің аумағын қамтиды және 110 435 гектарды құрайды.
Тармақ 43
43. Бүлінген жерлер 5 863 гектарды құрайды.
Тармақ 44
44. Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санаты 22 626 гектарды құрайды.
Тармақ 45
45. Орман қоры жерлерінің санаты 48 гектарды, су қоры 20 гектарды құрайды.
Тарау 11. 11 тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
11 тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Тармақ 46
46. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қамтиды:
Тармақша 1
1) Сәтбаев қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі 1 қосымшада берілген;
Тармақша 2
2) жерлер санаттары бойынша жер қорының кестесі 2 қосымшаға сәйкес ұсынылған;
Тармақша 3
3) Сәтбаев қаласының аумағындағы жер телімдер меншік иелерінің және жер пайдалаушылардың жайылым орналастыру схемасы 3 қосымшаға сәйкес берілген;
Тармақша 4
4) жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы 4 қосымшаға сәйкес ұсынылған;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі 5 қосымшаға сәйкес ұсынылған;
Тармақша 6
6) ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы ақпарат 6 қосымшаға сәйкес берілген;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы ақпарат 7 қосымшаға сәйкес ұсынылған;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптасқан үйір, отар, табын саны туралы деректер 8 қосымшада келтірілген;
Тармақша 9
9) Сәтбаев қаласының жайылым айналым схемасы 9 қосымшаға сәйкес ұсынылған;
Тармақша 10
10) Сәтбаев қаласы бойынша жер учаскелерінің меншік иелері бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жөніндегі мәліметтер 10-қосымшаға сәйкес берілген.
Басқа 2. Сәтбаев қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
1 қосымша
Сәтбаев қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі
Р№
Шифр бойынша топырақтың жүйелік тізімі
Топырақ атауы
1.
524
Қоңыр топырақ
2.
528
Кебірлі – сор қоңыр топырақтылау
3.
529
Сор қоңыр топырақтылау
4.
532
Толық дамымаған қоңыр топырақ
5.
679
Ұсақ қоңыр кебірлер
6.
695
Қабыршақты шалғынды қоңыр кебірлер
Басқа 3. Жерлер санаттары бойынша жер қорының кестесі
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
2 қосымша
Жерлер санаттары бойынша жер қорының кестесі
№
Жер санаттарының атаулары
Аумақ (гектар)
1.
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер
55 857
2.
Азаматтардың бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізуге арналған жерлері
110
3.
Елді мекендердің жерлері
110435
4.
Шаруа қожалығын жүргізуге арналған азаматтардың жерлері
51 005
5.
Мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері
4
6.
Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері
8
7.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
22 626
8.
Орман қорының жерлері
48
9.
Су қорының жерлері
20
10.
Бұлінген жерлер
5 863
Басқа 4. Сәтбаев қаласының аумағындағы жер телімдер меншік иелерінің және жер пайдалаушылардың жайылым орналастыру схемасы
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
3 қосымша
Сәтбаев қаласының аумағындағы жер телімдер меншік иелерінің және жер пайдалаушылардың жайылым орналастыру схемасы
Басқа 5. Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
4 қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Басқа 6. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
5 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
№
Елді мекен
Маусымның басталуы
Маусымның аяқталуы
1.
Сәтбаев қаласы
сәуірдің аяғы – мамырдың басы
қазанның аяғы –
қарашаның басы
Басқа 7. Ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы ақпарат
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
6 қосымша
Ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы ақпарат
№
Аймақ
Ветеринариялық станция
Бордақылау алаңы
Мал сою бекеті
Мал қорымы
1.
Сәтбаев қаласы
1
0
2
1
Басқа 8. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы ақпарат
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
7 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы ақпарат
№
Елді мекен
Ірі қара мал
Жылқы
Ұсақ мал
ШҚ
ҮШ
ШҚ
ҮШ
ШҚ
ҮШ
1.
Сәтбаев қаласы
1068
2189
1366
285
1850
2568
Басқа 9. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптасқан үйір, отар, табын саны туралы деректер
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
8 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптасқан үйір, отар, табын саны туралы деректер
№
Елді мекен
Үйірлер, отарлар, табындардың саны
Ірі қара мал
Жылқы
Ұсақ мал
1.
Сәтбаев қаласы
2
1
2
Басқа 10. Сәтбаев қаласының жайылым айналым схемасы
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
9 қосымша
Сәтбаев қаласының жайылым айналым схемасы
Басқа 11. Сәтбаев қаласы бойынша жер учаскелерінің меншік иелері бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жөніндегі мәліметтер
Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2027 – 2031 жылдарға
арналған жоспарына
10 қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша жер учаскелерінің меншік иелері бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жөніндегі мәліметтер
№
Түрлері бойынша малдың болуы, (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажеттілік нормасы, (гектар )
Жайылым дар қажеттілігі, (гектар)
Жайылымдардың жалпы алаңы, (гектар )
Қажеттілік қамтамасыз етілуі, %
1.
Ірі қара мал
9,5
30 941
25 743
83,2
2.
Ұсақ малдар
1,9
8 394
6 984
83,2
3.
Жылқылар
11,4
18 821
15 659
83,2
Барлығы:
22,8
58 156
48 386
83,2