Об объявлении конкурса на лучшее освещение Послания Президента Республики Казахстан "Казахстан-2030" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" Жолдауын үздік бейнелеу жөнінде бәйге жариялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 06.06.2005 № 14-5/1648 хаты. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын одан әрі түсіндіру мен насихаттау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Үстіміздегі жылдың мамыр және маусым айларында облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес электрондық және баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын үздік бейнелеу жөніңде бәйге жариялансын.
Тармақ 2
2. Төмендегі қосымшалар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" Жолдауын үздік бейнелеу жөніндегі ережесі.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" Жолдауын үздік бейнелеу жөніндегі бәйгені ұйымдастыру мен өткізу комиссиясының құрамы.
Тармақ 3
3. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы облыстың баспасөз басылымдары мен телерадиокомпанияларының бәйгеге қатысуын қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 83 шешімімен бекітілді Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Біздің стратегиямыз бен басымдықтарымыз" Жолдауын үздік бейнелеу жөніндегі бәйге туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Бәйгеге қатысушылар: Бүл бәйгеге қатысуға мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ/баспасөз, радио, теледидар/өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының штаттан тыс тілшілері шақырылады.
Тармақ 2
2. Бәйгенің мақсаты мен міндетгері: Бәйгеге түскен жұмыстар оқырмандардың Елбасы Жолдауына деген ынта-ықыласын көтеріп, "Қазақстан-2030" стратегиясының саяси, отаншылдық және адамгершілік-тәрбиелік маңызын ашып көрсетулері тиіс.
Тармақ 3
3. Бәйгенің тақырып аясы: - Ұлттың қауіпсіздігі мен Қазақстанның мемлекеттілігін сақтау: бүгін және ертең; - "Қазақстан -2030" стратегиясы - қоғамның бірлігі мен тұрақтылығына апаратын жол; - экономикалық өсу басымдығының 10 принципі, орындалу барысы; - тазалық - денсаулық негізі, денсаулық - байлық негізі; - халықтың денсаулығы - салауатгы өмір салтына тәуелді; - 21 ғасыр және қазіргі заманғы білім; - табиғи және энергия ресурстары тиімді және қолайлы пайдалана білу - мемлекетке тұрақты кіріс келтірудің кепілі; - Қазақстанның халықаралық көлік және байланыс жүйесіне кірігуі; - Кәсіби мемлекет - әркімнің өз ісіне кәсіби көзқарасы; - "Қазақстан-2030" стратегиясы - жастар стратегиясы; - Ауылды, шағын және орта бизнесті дамыту; - Сыбайлас жемқорлықпен жігерлі де аяусыз күрес; - Журналистер өз жұмыстарында Жолдаудың басымдықтарына байланысты басқа тақырыптарды да көрсетулеріне болады.
Тармақ 4
4. Жұмыстарды жіберу тәртібі: Бәйге жұмыстары "Қазақстан-2030". Біздің стратегиямыз бен басымдықтарымыз" деген белгімен жіберіледі. Жұмыс көлемі баспа басылымдары үшін машинкаға басылған 7 беттен, телерадио хабарлары үшін эфирлік 20 минуттан аспауы керек. Қатысушы туралы мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс: аты-жөні, білімі, жұмыс орны мекен-жайы, телефоны.
Тармақ 5
5. Бәйге қорытындылары: Бәйге қорытындылары бойынша арнаулы жүлде қорынан төмендегідей ақшалай сыйлықтар белгіленген: 1 орын /біреу/ - 15 мың теңге. 2 орын /екеу/ - 10 мың теңге. 3 орын /үшеу/ - 7 мың теңге Ынталандыру сыйлығы /үшеу/ - 5 мың теңге.
Тармақ 6
6. Бәйге мерзімдері: Бәйге жұмыстарын тапсырудың соңғы мерзімі - 1999 жылғы 20 маусым. Бәйге жұмыстары облыстық ақпарат және қогамдық келісім басқармасына жіберіледі, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 406, 532, 530 бөлмелер, байланыс телефондары 57-03-62, 57-41-68.
Басқа 14
Облыс Әкімінің 1999 жылдың 24 мамырдағы шешімімен бекітілді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын үздік бейнелеу жөніндегі бәйге өткізу комиссиясының құрамы 1. Амангелді Қабашұлы Есіркепов - облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Аманбай Рсалыұлы Рсалин - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары 3. Рысты Сәндібекқызы Әлібекова - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының БАҚ және реформаларда насихатгау бөлімінің бастығы Комиссия мүшелері: 4. Идош Мұсақұлы Асқар - облыстық "Ақтөбе" газетінің бас редакторы 5. Юрий Андреевич Брязгалов - облыстық "Актюбинский вестник" газетінің бас редакторы 6. Марина Эдуардовна Васильева - "Рифма" радиосы ақпарат қызметінің редакторы 7. Виктор Викторович Гербер - "Эврика" газетінің реддкторы 8. Нұрлан Нұрымжанұлы Жұмағалиев - "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бастығы 9. Еркеш Әдиетұлы Қалиев - облыстық телерадиокомпаниясыйың төрағасы 10. Мирболат Тоқмырзаұлы Күнбаев - "Рика -ТВ " жабық түрдегі акционерлік қоғамы телекомпаниясының президенті 11. Георгий Карлович Лория - "Жаңа провинция" газетінің редакторы 12. Андрей Борисович Лябин - Ақтобе қаласы әкімінің орынбасары 13. Асқар Тұрарұлы Шериазданов - облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі