О состоянии окружающей среды в области и задачах по её охране в свете стратегии "Казахстан - 2030" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы қоршаған ортаның жайы және "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес оны қорғау жөніндегі міндеттер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.12.2004 № 12/7 Облыстық қоршаган ортаны қоргау басқармасының бастығы Н.Ф.Куликовтың "Облыстағы қоршаған ортаның жайы және "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес оны қорғау жөніндегі міндеттер туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келіп, облыстық мәслихат облыстың экологиялық қызметі табиғатты қорғау заңдарын орындау жөнінде айтарлықтай жұмыс жүрігізіп отырғанын атап көрсетеді. Тұрақты көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шашылуы 1990 жылдан 1997 жылға дейін 212,5 мың тоннадан 130,2 мың тоннаға немесе 39 процентке төмендетілді. Автотранспорт жұмысынан атмосфераға ластайтын заттардың таппай шашылуы 103,9 мың тоннадан 48,1 мың тоннаға немесе 2,2 есе азайды. Петропавлда орналасқан Солтүстік Қазақстан гидрометеорология жөніндегі орталығының атмосфера жайын бақылау тұрақты күзеттерінің деректері бойынша атмосфераның ластануы осы кезеңде нормативтегі 1,0 орнына 1,8-ден 0,64-ке төмендеді. Есіл өзенінің салаларында, Шағалалы өзенінде және Щучье - Бурабай курорт аймағының көлдерінде қойылған бақылаулардың нәтижелері бойынша сапалық көрсеткіштер ингредиенттердің көпшілігі бойынша тиісті талаптарға сәйкес келеді. Облыста радиациялық фонның орташа мәні 9-дан 45 мкр/ сағатқа дейін және мүмкіндіктен аспайды. Барлық аудандарда және қалаларда 1998 шлы табиғат қорғау шаралары негізінен жүзеге асырылды. 1999 жылға да қоршаған ортаны қорғау жоспар-шаралары барлық жерде жасалды; "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес "экология және табигат ресурстары" бойынша әкімияттарда келісілді және қалалық, аудандық мәслихаттарда бекітілді. Облыстық қоршаган ортаны қорғау басқармасының мемлекеттік инспекторлары II айда 2205 табиғат қорғау қызметін сақтаудың тексерістерін өткізді, 4055 тәртіп бұзушылық анықталды, олар бойынша 2313 мың теңге сомасына 1940 айыппұл салынды, 10755 мың теңгенің 51 ескертпесі берілді, 81 шаруашылық жүргізуші субьектінің қызметі тоқтатылды, 91 тәртіп бұзушылық бойынша материалдар сотқа жене прокуратураға берілді. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы табиғаттың экологиялық жағдайын нашарлатқаны үшін төлемдерді алудың әкономикалық механизмін жетілдіруде: Солтүстік Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қоры құрылды, оны қорғау жағдайын мониторгтау бөлімі ұйымдастырылды, оның материалдық базасы жасакталуда. Экологиялық ағарту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында 500-ден астам материалдар мен хабарлар даярланды, жарияланды және эфирден берілді. Оқу құралдарында студенттерді оқыту және мамандарды даярлау процесінде экологиялық бағыт жандандырылды. 1996 жылы облыс әкімінің шешімімен "Евразия" АҚ оранжереясы негізінде "Қазақстан балалары экоорта-лығы" облыстық экологиялық тәрбие мектебі құрыллы. "Экологический вестник" және "Экология жаршысы" газеттері шығарылады. Облыстың қазіргі сайланган өкілетті органдары табигат қорғауды қамтитын 33 мәселе қарады. Сонымен бірге облыс аумағында табиғат қорғау заңдарын елеулі түрде бұзушылықтар орын алып отыр. Экономикалық қиындықтардан қоршаған ортаны қоргау жөнінде жоспарланған кейбір шаралар нашар жүзеге асырылады. Мәселен ЖЭО-2-де, Петропавл қаласы бойынша атмосфераны ластайтын заттарды шашудың 83 проценті осының үлесіне келеді, батареялық эмульгаторларды орнату жөніндегі шаралар орындалмайды, жаңа күлтөккіш құрылысының жоспарлы жұмыстары орындалмайды. Есіл өзенін негізгі ластаушылар Петропавл және Сергеевка қалалары болып табылады. Канализациялық насос стансасының және оның коллекторының авариялық жағдайынан Сергеевка қаласының ласты суы Есіл өзеніне құйылып отыр. Петропавл және Көкшетау қалаларында осы уақытқа дейін қатты және тұрмыстық қоқыстар полигондарының құрылысы аяқталмаган, соның салдарынан бұл обьектілер жай үймеге айналып кетті. Петропавл халасында қалалық жауын суының бүкіл канализация жүйесі иесіз қалды. Жауын суы коллекторларында тазалау құрылғыларының жоқтығынан нәсерлі жауыннан кейін жауын суы өзенге құйылар жерде мұнай өнімдерінің шоғырлануы барынша мүмкіндікті шоғырланудан 19 - 20 есе асып түседі. Щучье - Бурабай курорт аймағындағы Қатар-көл су қорғау аймағында балалар сауықтыру орындарының барынша көп орналастырылуы салдарынан суда органикалардың мүмкіндікті нормасы едәуір асып түседі. Зеренді өзені тұрмыстық қоқыстармен ластана түсуде. Көкшетау қаласында биологиялық тазалау ғимаратын кеңейту, Воробьевка – Қатаркөл канализация құрылысын аяқтау, Бурабай поселкесінде тұрмыстық ағын суларды жою мәселелері шешілмей отыр. Табиғатты пайдаланушы - кәсіпорындар "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның белгіленген лимиттер көлемінде ластағаны үшін төлемдерді дер кезінде өтеу жөніндегі 20-ші бабын бұзып отыр. 1998 жылы жоспарланған 75,3 млн. теңге сомасындағы түсімдердің II айда 42,2 млн. теңгесі немесе 56 проценті түсті, ал 1997-98 жылдары ЖЭО-2-нің өзі ғана тарифке бұл төлемдер қосылганның өзінде 79,5 млн. теңге төлеуге тиісті. Жергілікті атқарушы органдар табиғат қорғау заңдарын бұзып мемлекеттік экологиялық экспертизаның оң қорытындысы болмай-ақ құрылыс обьектілеріне жер учаскелерін бөлу жөнінде шешімдер қабылдау жағдайларына әлі де жол береді. Тіпті нормативті талаптарды сақтағанның өзінде қоршаған ортаны ластаудың мүмкінді көздері болып табылатын АЗС-терді, автоаялдамаларды, қалаларда орналастыру бұл қалалардың бас жоспарын бұзып жүргізіледі, яғни көгалдандыру және көркейту жоспарланған жерлерге орналастырылады. Облыс аумағында орын алған 5000-нан астам шаруа қожалығының 300-і табиғат қорғау қызметін келісіп алмады. Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Н.Ф.Куликовтың хабарламасы еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстың табиғат корғау қызметі қолданып отырған тиісті шараларға қарамастан оны сақтау жөніндегі қорғау шаралары жеткілікті жүзеге асырылмайтыны, ал табиғат аумағының жекелеген түрлеріне көзқарас елеулі алаңдаушылық туғызатыны атап көрсетілсін.
Тармақ 3
3. 1999 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бекітілсін. /Қосымша беріліп отыр/.
Тармақ 4
4. Облыстың, қалалардың, аудандардың әкімдеріне облыстық қоршаған ортаны қорғау багдарламасын жүзеге асыру бірінші кезекті міндеттердің бірі деп есептелсін, экологиялық басым проблемаларға: су қорларының атмосфералық ауаның антропогендік және табиғи ластануына баса назар аударылсын. Осы мақсаттарда: - бағдарламада бекітілген орындалу мерзіміне сәйкес тиісті аумақтарда табиғат қорғау шараларының жүзеге асырылуына ұдайы бақылау жасалсын; - табиғат пайдаланушы-кәсіпорындардың қоршаған ортаны белгіленген лимиттер көлемінде ластағаны үшін төлемдерді дер кезінде төлеуіне ықпалды шаралар қолдануда экологиялық қызметке көмек көрсететін болсын; - заңды тұлғаларды тіркеу, қайта құру және басқа әрекеттер кезінде экологиялық талаптар ескерілмейінше құрылысқа жер учаскесін бөлу жөнінде шешімдер қабылданбасын; - қоршаған ортаны ластаудың қосымша көздері болып табылатын АЗС-тарды, автоаялдамаларды, шұжық цехтарын және басқа обьектілерді елді мекендер маңында орналастырудың және салудың орындылығы, саны туралы мәселелер қаралсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына мыналар тапсырылсын: - қоршаған ортаны қорғау саласында ведомство үстінен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру күшейтілсін, Щучье - Бурабай курорт аймағына баса назар аударылсын; - 1999 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына Целинный ауданындағы Ломоносов коррекциялық мектеп-интернаты үшін ауызсуға пайдаланытын скважинасын бұрғылау жөніндегі жұмыс республикалық бюджеттен қаржыландырумен енгізілсін; - мемлекеттік экологиялық экспертизаның шаруашылық және басқа қызмет тобаларын дер кезінде және толық қарау жөніндегі жұмысы жандандырылсын; - экологиялық ағарту жүйесін құру жөніндегі жұмыс неғұрлым тиімді жүргізілсін; - қоршаған ортаны мониторингтеу жүйесі осызаманғы деңгейде ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Облыстың өкілетті органдарына 1999 жылдың ІҮ тоқсанында тұрақты комиссиялардың немесе сессиялардың мәжілістерінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының орындалу барысын қарау ұсынылсын. Нәтижелері туралы облыстық мәслихатты хабарландырсын.
Тармақ 7
7. "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" облыстық газеттері, телерадиокомпания "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес табиғат қорғау тақырыбын толығырақ керсететін, әрбір солтүстікқазақстандықтардың белсенді позициясы ғана қоршаған ортаның өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жагдай жасауға мүмкіндік беретінін жеткілікті түсіндіретін болсын.
Басқа 8. Қоршаған ортанын қазіргі жайын бағалау
Келісілген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербняк «__»__________1999 ж. БЕКІТЕМІН Солтүстік Қазақстан облысы әкімін Д.К.Ахметов «__»__________1999 ж. 1999-2000 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы Қоршаған ортанын қазіргі жайын бағалау
Тарау 1. 1. Атмосфералық ауаның жайы
1. Атмосфералық ауаның жайы Солтустік Қазақстан облыеында атмосфераға ластағыш заттар шашатын 350-ден аса өнерләсіп кәсіпорны, 4887 тұрақты көздер, оның ішінде 3740 ұйымдастырылған көздер бар. 1998 жылы тұрақты көздерден атмосфераға шашылған ластағыш заттар 130,2 мың тонна/жыл болды, Атмосфераға шашылатын ластағыш заттардың жалпы көлемі 1990-1993 жылдары ұдайы төмендеп отырды. Алайда екі аймақтың аумақтарында осы кезең бойы ластағыш заттар шашылуының әртүрлі динамикасы болды. Облыстың солтүстік аймағында шашылған ластағыш заттар 124,2 мың тоннадан / 1990 жылы/ 96,4 мың тоннаға дейін /1993 жылы/ ұдайы төмендеп отырды. Мұның өзінде ауаны ластағыш заттарды ұстап қалу проценті дәстүрлі түрде жоғарылап 67-90 болды. Облыстың оңтүстік аймағында ауаны ластағыш заттар шашылуы 1990 жылдан 1996 жылға дейін 88,3 мың тонна/жылдан 33,6 мың тонна/жылға дейін төмендеді, Мұның өзінде ластағыш заттарды ұстап қалу проценті дәстурлі түрде төмен - 22-39 процент болды. Облыс бойынша ластайтын заттар шашылуының жалпы құрылымында айырмашылық бар: солтүстік аймақтың аумағында 49,6 процентін қатты ластайтын заттар, 50,2 процентін газға ұқсас заттар құрайды, ал оңтүстік аумақта қатты ластагыш заттардың шашылуы - 63,2, ал газға ұқсасы - 31,2 процент. Газға ұқсас ластагыш заттардың негізңі көлемін мыналар құрайды: күкіртті ангидрит - 73,9, азот қышкылы - 22,9 және көміртегі оксиді - 2,2 процент. Петропавл қаласының ауа бассейнінің сапасына Петропавл ЖЭО-2 айырықша ыкпал етеді, оның ауаға ластағыш заттар шашуы 80 процентке дейін жетеді. 1998 жылы автотранспорттың жалпы ластағыш заттар шашуы облыс бойынша - 48,1 мың тонна, Петропавл қаласы бойынша -25,4 мың тонна/жыл болды, Ластағыш заттар құрамында мыналар бар; көміртегі оксиді - 80, көміртегі - 15 және азот оксиді 5 процент.
Тарау 2. 2. Су қорларының жайы
2. Су қорларының жайы Облыстың су қорларында жерасты және жерүсті су кездері бар. Жерасты су көздері. Облыс көлемінде тұюы судың 43 қайнар көзі және учаскесі барланып, есепке алынған, олардың бекітілген қоры 25,8 мың текше метр/тәулік, 6 минеральды су кезі бар, олардың пайдалану қоры 0,96 мың текше метр/тәулік және Бурабай радон суы қайнары, ең кеп дебиті 2,6 -3,4 л/сек. Су алу көлемі 28,98 млн. текше м/жыл, соның ішінде оңтүстік аймақ бойынша - 26,93 млн. текше/ м/жыл, солтүстік аймақ бойынша - 2,05 млн, текше м/жыл. Айыртау, Есіл, 3еренді, Щучье аудандарының аумақтарында режимді бақылаулар нәтижесінде жерасты суларында ластағыш заттар / нитраттар, мұнай өнімдері/ бар екенін анықталды. Негізгі ластау көздері – елді мекендердің, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының Қоқыстары және тазаланбаған ағын сулары. Облыстың оңтүстік аймағының жерүсті суларына Шагалалы өзені мен Шағалалы су қоймасы, шағын өзендер мен бұлақтар / 44/, тұщы, сортаң және тұзды көлдер жатады. Су алу Шағалалы су қоймасы / 7,92 млн. текше метр/, Қопа көлі / 1,23 млн. текше метр/ және Шортан көлі / 0,97 млн. текше метр/ арқылы жүргізіледі. Бұл су көздерінің сапалық көрсеткіетері мүмкінді-шектеулі нормадан аспайды. Ағын сулар жинақтағыш-буландырғышқа құйылады, ал оның көлемі 11,2 млн. текше метр, ағын сулардың негізі көлемі Көкшетау қаласындағы шүпілдеп тұрған Мырзакөлсар жинақтағышына / оның жобалық сиымдылығы 49,5 млн. текше метр болса, қазір іс жүзінде су көлемі 115,0 млн. текше метр/ құйылады. Бұл жинақтағыштаң суын азайту үшін биологиялық тазалау ғимаратының екінші кезегін салу қажет. Оңтүстік аймақтың көптеген көлдерінің рекреациондық маңыз бар. Алайда табиғатты тиімсіз пайдалану табиғи ортаның экологиялық тепе-теңдігін бұзуга соқтыруы мүмкін. Мәселен, Щучье-Бурабай курорт аймагының дамуы орталықтандырылған канализацияның жоқтығынан Қотыркөл көлінде сапалық көрбеткіштердің нашарлануына соқтырды, оның суында органиканың шоғырлануы мүмкінді-шектеулі нормадан 12-20 есе асып кетті. Солтүстік аймақтың негізгі су көзі Есіл өзені, оның су ағынын Сергеевка және Петропавл су қоймалары реттеп отырады, Бұл су көздерінен су алу көлемі 60,9 млн. текше метр жыл. Бірқатар су қорғау шараларының орындалуы, солардың арабында Петропавл қаласында канализациялық тазалау -ғимаратының пайдалануға берілуі, көпшілік бақылау су айырықтарында сапалық көрсеткіштердің тұрақтануына ықпал етті. Бірақ, Сергеевка және Петропавл маңында өзен суында дүркін-дүркін органика мен мүнай өнімдерінің шоғырлануы ұлғайғаны байқалады. Бұл ластанулардың себептері - Сергеевка қаласында канализациялық насос стансасының апатты жағдайы және Петропавл қаласында жауын суы канализациясында тазалау ғимаратының жоқтығы болып отыр. Сөйтіп, су көздерін сақтау жөніндегі негізгі проблема тазаланбаған ағын сулардың құйылуы салдарынан олардың ластануына байланысты болып отыр. Ұсынылған шаралар теріс өзгерістердің зарлаптарын барынша ағайтуға мумкіндік береді.
Тарау 3. 3. Жер қоры мен қоқыстар жайы
3. Жер қоры мен қоқыстар жайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жер Кадастры Солтустік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы мақсатындағы жеріне мынадай сапалық сыпаттама береді /мың га/: - төріс белгілермен зақымданбағаны - 4037,0; - ащылы - 1243,6; - сортаң және сортаңды кешендер - 2473,3; - сұлы - 432,2; - батпақты - 116,5; - шайылган - 5У,3; - дефлирленген -1,3 ; - тастақты - 694,3; Облыстың жері сапалық көрсеткіштері бойынша орта республикалық көрсеткіштен жоғары. Жерлер бірте-бірте жалаңаштануға ұшырап отыр, оған қуаңшылық, орманды құрту, жыртудың зардабы, шөп шабу, мал жаю, жер қойнынан қазба қопару, сондай-ақ ауылшаруашылығы дақылдары өнімдерінің нәрлі заттарды орны толмас сорып алуы әсер етеді, Егер 1990 ж. органикалық тыңайтқыштар сіңірілген алаңдар 140 мың га. минеральдық тыңайтқыштар 1990 мың га. болса, ал 1998 ж. Олар сәйкес түрде 16,1 мың және 23,0 мың га қысқартылады. 1998 жылдың басында Петропавлдың кәсіпорындарында 1000 тоннаға жуық токсикалық қоқыстар жинақталган, соның салдарынан облыстың табиғат ортасының түрлі токсиканттармен ластануының қаупі төніп отыр. Петропавл ЖЭО-2-нің күлтөк кішінде 1993 жинақталган шлак 620 мың тонна, ал пайдала нуға берілгеннен бері - 31 млн. тоннадай болды. Жұмыс істеп тұрган күлтөккіш іс жүзінде жобалық белгіге дейін толтырылган, ал жаңа күлтөккіштің бірінші кешенін іске қосуды қаржыландыру мүлде жеткіліксіз. Васильков ТКК=ның шлак қоймасының құрылысын аяқтау мәселесі шешілмеген. Қатты тұрмыстық қоқыстарды қабылдауда, орналастыруда және үәде проблемалар бар. Облыс бойынша барлығы 46,3 млн. тонна өнеркәсіптік, соның ішінде 196,9 мың тонна токсикалық қоқыстар жинақталған.
Тарау 4. 4. Радиациялық жағдай
4. Радиациялық жағдай 1993 ж. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында гамма-сәуленің ортажылдық деңгейі II мкр/сағат болды, бұл республика үшін фондық көрсеткіш болып табылады. Қазіргі кезде ядролық сынақтар өнімдерінің ішінен экспозициялық доза қуатына цезий - 137 ғана үлес қосады. Қолдан жасалған бұл радионуклидтің үлесі 0,2 мкр/сағатқа жуық болады. Солтүстік Қазақстан облысының аумағына цезий 137-нің ортажылдық түсуі 0,20 Б к/шаршы метр, мұның өзінде пайда болатын шоғырлану мүмкінді-шектеулі коэффициенттен бір миллион есе төмен. Облыс аумағында 1998 жылы табиғи жаратылысты радионуклидтердің ортажылдық түсуі мынадай болды / Б к/текше метр/: радий – 226 бойынша - 0,78; торий – 232 - 0,93; бериллий – 7 – 132,1. Радиактивтілік деңгейінің жалпы ұлғаюына техногендік қызметтен туындаған радиоактивтік ластану әсер етеді. Облыстың тау-кен кәсіпорындарында / "Степгеология" АҚ, Целинный ГХК бөлімшелері және басқалары/ тау қазбаларынын үйінділері түрінде 3000 тоннадан аса радиоактивті қоқыстар шоғырланған, олардың активтілігі 3000 киден асып түседі. Рекультивацияға жататын жалпы алаң 139,15 га. Рекультивациялық жұмыстардың сметалық құны 1993 жылғы бағамен - 960 млн. теңге. Уран рудасын қазып алатын обьектілерді рекультивация жөніндегі жұмыстардың орындалған көлемі 1998 жылғы I қаңтарда 15,6 процент / 21,8 га/ болды. 1999 жылға рекультивациялық жұмыстар жоспарланбаған, өйткені № 4,5 рудниктер басқармалары банкроттық кезеңінде отыр. Солтүстік Қазақстан облысының әртүрлі кәсіпорындарында 2351 ионды сәулелер көзі есепке алынған, олардың 1150-і жұмыс істеп болған. Жұмыс істеп болған көздерлі ұзақ уақытқа кеміп табтау орны ретінде "Байкал - I" кешенінің базасы белгіленген. Алайда экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты кәсіпорын бұл мүмкіндікті пайдалана алмай отыр.