О внесении дополнения и изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 октября 1994 г. № 1178 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды ҚРҮ-нiң 1997.07.24. N 1174 қаулысымен. Мүлiктi бағалау үшiн негiзгi базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында және инфляция қарқынының бәсеңдеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасында негiзгi қорларды (құрал-жабдықтарды) индекстеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысна (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 475-бап) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн: 1-тармақ "1 шiлдедегi жағдай бойынша жылына екi рет" деген сөздерден кейiн "ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап жылына бiр рет" деген сөздермен толықтырылсын; аталған қаулымен бекiтiлген Кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң негiзгi қорларын (құрал-жабдықтарын) индекстеу тәртiбi туралы ереженiң 2-тармағындағы ("тұрғын үйлерден басқалары") деген сөздер ("оның iшiнде тұрғын үй қоры иелiгiндегi") деген сөздермен ауыстырылсын.