О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 июня 1995 года N 150 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 485-1 Z990485_ Қазақстан Республикасы Заңының, "салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 492-1 Z990492_ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Мүлік салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" N 38 V950071_ Нұсқауға:
18-тармақта:
Тармақша 5
5) тармақшада "нақты мерзімі" деген сөзден кейінгі "және мөлшері" деген сөздер алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "Байқоңыр" кешенінің объектілері болып табылатын көлік құралдары бойынша "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлік базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын".
Тармақ 2
2. Өндірістік емес төлемдер департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіссін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілсін.
Тармақ 3
Тармақша 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндірістік емес төлемдер департаментінің директоры Д.Қ.Баймұрзинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
1999 жылғы 5 қаңтар