О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1995 года № 1582 и от 20 октября 1997 года № 1448 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы № 1582 және 1997 жылғы 20 қазандағы № 1448 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының қаражатын толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Жаңа астана "бюджеттен тыс республикалық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-құжат):
Тармақша 1
1) қаулының 6-тармағындағы "Ақмола қаласын" деген сөздер "Астана қаласын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) аталған қаулымен бекітілген "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы ережеде: 1,4,5,7,8,9,10 және 12-тармақтарындағы "Ақмола қаласы", "Ақмола қаласын", "Ақмола қаласына" деген сөздер "Астана қаласы", "Астана қаласын", "Астана қаласына" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 3
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметкерлерін тұрғын үйді сатып алуынан және аталған қордың қаражаты есебінен жаңадан салынған тұрғын үйлердегі тұрғын жайларды заңдарда белгіленген тәртіппен өзге де жеке және заңды тұлғаларға сатудан алынған ақша".
Тармақ 2
2. "Жоғары және орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерін орналастыруға арналған жаңадан салынған мемлекеттік тұрғын үйді Ақмола қаласының әкіміне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қазандағы N 1448 қаулысына:
Тармақша 1
1) атауы мен мәтініндегі "Ақмола қаласында", "Ақмола қаласына", "Ақмола қаласының" деген сөздер "Астана қаласында", "Астана қаласына", "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, тұрғын үй құрылысының тапсырысшысы ретінде сатудан түскен қаражатты міндетті түрде "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының шотына аудара отырып, кейін белгіленген тәртіппен жеке адамдар мен заңды тұлғаларға баланстық құнынан кем болмайтын бағамен сату үшін жаңадан салынған мемлекеттік тұрғын үйдің 10%-не дейінін өз балансында қалдыру туралы ұсынысына келісім берілсін".
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.