О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 21 декабря 1995 г. № 2710 "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
Тармақ 2
2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.".
Тармақ 3
3. Бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлықтан" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңға", "Заңда", "Заңның", "Заңнан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 1-баптағы "Республиканың Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары)" деген сөздер мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары)" деп, "Республиканың Президентiне" деген сөздер мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының Президентiне" деп дұрыс жазылған.
Тармақ 5
5. 2-баптың 1-тармағында: 1) 6) тармақшадағы "елдiң" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7) тармақшадағы "ұйымдары" деген сөз "ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 7) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "болып табылады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.".
Тармақ 6
6. 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.".
Тармақ 7
7. 6-баптың 1-тармағындағы "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын, "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 8
8. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: "7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды".
Тармақ 9
9. 8-бапта: 1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды;"; 2) 2-тармақтағы "құрылымы мен қызметiнiң ұйымдастырылуы" деген сөздер "мәртебесi мен өкiлеттiктерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 10
10. 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары 1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады. 2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады; 2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) олар заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары болады.".
Тармақ 11
11. 10-бапта: 1) 1) тармақшадағы "және өзге де" деген сөздер ", басқа да әскерлерiнде және" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3) тармақшадағы "және өзге де" деген сөздер ", басқа да әскерлерi мен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 12
12. 10-1 баптағы "үкiметтiк байланыс әскерлерi мен басқа да әскерлерден құралады" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 13
13. 12-бапта: 1) 7) тармақшада "мемлекеттiк және әскери құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпия" деген сөздермен ауыстырылсын, "құрамалар" деген сөзден кейiн ", бөлiмдер" деген сөзбен толықтырылсын; 2) 10) тармақшадағы "заңға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге"; 4) 17) тармақшадағы "мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 20) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 14
14. 13-бапта: 1) 8) тармақша "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен, "нақты залалды" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 9) тармақша "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен толықтырылсын; 3) 10) тармақшадағы "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 11) тармақша "құрамалардағы" деген сөзден кейiн ", бөлiмдердегi" деген сөзбен толықтырылсын; 5) 12) тармақшадағы "заңмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен, "құрамалар" деген сөз "құрамаларға, бөлiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 13) тармақшадағы "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 14) тармақшадағы "құрамалар" деген сөз "құрамалардан, бөлiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 18) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 15
15. 16-баптың 1-тармағындағы "(қызметкерлер)" деген сөз алып тасталсын.
Тармақ 16
16. 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Әскери қызметшiлердi ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмыс iстейтiн резервiне есепке алу мен олардың әскери қызметтi өткеру тәртiбiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.".
Тармақ 17
17. 18-бапта: 1) 3-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 7-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 18
18. 19-баптың 2-тармағындағы "Қарулы Күштердiң", "заңдарда" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң", "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 19
19. 20-бапта: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Комитет төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң стажын еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн."; 2) 3-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 5-тармақтағы "Қарулы Күштердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 20
20. 21-бапта: 1) 1-тармақтағы "еңбек туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-тармақтағы "заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 21
21. 22-бапта: 1) 1-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-тармақтағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 22
22. 23-баптың 2-тармағындағы "Республикасының" деген сөз мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының" деп дұрыс жазылған, "құрамаларының" деген сөзден кейiн "және бөлiмдерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.