О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 1997 года N 1355 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібінде:
12-тармақтағы "2001 жылдың 31 желтоқсанына" деген сөздер "2002 жылдың 30 маусымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "қаңтарынан" деген сөз "шілдесінен" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.