О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 1997 года N 1355 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы ЕСКЕРТУ Күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 04 шілдедегі N 661 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдері былай жүзеге асырылады: 1) төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: еркектерге - 50 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 25 жыл болған жағдайда; әйелдерге - 45 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 20 жыл болған жағдайда; 2) ауылдық жерлерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 50 жасқа толғанда аталған зейнетақы жасын 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға өсіре отырып, бірақ тұтастай алғанда 3 жылдан аспауы тиіс".
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.