О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1997 года N 1636 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4073 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 466-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 7-тармақта: оныншы абзац "мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын басқа да ұйымдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік қызметшілерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын; он екінші абзац "мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын басқа да ұйымдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік қызметшілерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.