О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1997 года № 1636 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды ҚР Үкiметiнiң 1999.04.09 № 394 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге: "Миссиясы" деген кiрiспедегi "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын; 5-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын; 6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық есептерi мен ақпараттарының деректерi бойынша еңбек көшi-қоны процесiне талдау, болжау және реттеу жүргiзу"; 7-тармақта: он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "еңбек көшi-қоны саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу"; он алтыншы абзац алынып тасталсын; он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтардағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын; 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын.