О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1997 года № 1640 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: үшiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн."; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде: 49-тармақтың алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қызметкерлер саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекiтiледi".