О программе работ по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 21 января 1997 года № 89 "Об основных направлениях по улучшению условий и охраны труда в отраслях экономики Республики Казахстан на 1997-2000 годы" в Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайларымен оны қорғауды жақсарту жөнiндегi 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттары туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 қаулысына сәйкес жасалған Алматы облысының бағдарламасы жайлы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайларымен оны қорғауды жақсарту жөнiндегi 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттары туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 қаулысына сәйкес, облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Алматы облысының экономикасы салаларында еңбек жағдайларымен оны қорғауды жақсарту жөнiндегi 1997-2000 жылдарға арналған бағыттары туралы жасалған бағдарлама бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, басқарма, бiрлестiк және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң басшылары еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөнiндегi 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттары туралы жасалған бағдарламаны басшылыққа алып, шешiмнiң бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн. Жыл сайын, 1 ақпаннан кешiктiрмей, бағдарламаның орындалуы жайлы ақпарат берiлiп тұратын болсын.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалуын қадағалау, Облыс әкiмiнiң орынбасары О. Жакияновқа жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 11 маусымдағы № 6-194 шешiмiне қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайларымен оны қорғауды жақсарту жөнiндегi 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттар туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 қаулысына сәйкес жасалған Алматы облысының БАҒДАРЛАМАСЫ №/№ ШАРАЛАР Орындауға жауаптылар Орындау мерзiмi (жыл) 1 2 3 4 I. Ұйымдастыру жұмысы 1. Еңбек жағдайын жақсартуда және оны қорғау шараларын қамтамасыз ету үшiн Аудандық және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалалары әкiмшiлiгi жанында аудандық, қалалық еңбек қорғау қызметi құрылсын. Аудандардың және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi. II квартал 1997 ж. 2. Қазақстан Республикасының "Еңбек қорғау" заңына сәйкес облыстық басқармаларда, бiрлестiктерде, акционерлiк қоғамдарда, ассоциацияларда және облыс аймағында орналасқан басқа да шаруашылық субъектiлерiнде, меншiк пен шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан, бар еңбек қорғау қызметi сақталып, қысқартылған қызметтер қалпына келтiрiлсiн, сол сияқты жаңа құрылып жатқан шаруашылықтарда, мекемелерде, корпорация, концерн, акционерлiк бiрлестiктерiнде еңбектi қорғау қызметi қарастырылсын. Заңның 16 бабында көрсетiлген, еңбектi қорғау қызметтерi кәсiпорын өз қызметiн тоқтатқан ретте ғана таратылады, - деген жазылма басшылыққа алынсын. Басқарма, бiрлестiк, акционерлiк қоғам, ассоциация және барлық шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары. 1997 ж. 3. Өндiрiстегi жазатайым жағдайлардың алдың алу жолында ақауы бар жабдықтарда, жылжымалы механизмдерде олардың ақауы нормаға және стандартқа сай қалпына келтiрiлгенше жұмыс iстеуге тиым салынсын. Шаруашылық, мекеме басшылары. Тұрақты 4. Еңбек жағдайлары және оны қорғау қызметi мамандарын дайындау және олардың бiлiмдерiн жоғарлату орталықтары анықталып, оқу базасы бекiтiлсiн. Облыс еңбекәлеуметтiк басқармасы, аудандық, қалалық әкiмдерiмен бiрлесiп. III квартал 1997 ж. 5. Еңбек жағдайлары және оны қорғау жұмысы жайында iстелiнiп жатқан шараларды және шаруашылықтарда кездесетiн кемшiлiктердi нақты мысалдармен келтiрiп баспасөз беттерiнде (радио, телевидение, газет) жариялап отыру жұмыстары ұйымдастырылсын. Облыстық еңбек- әлеуметтiк басқармасы. 1997 - 2000 жылдарғы 6. Шаруашылық басшылармен, инженер-техник қызметкерлерiмен және еңбек жағдайы, оны қорғау қызметi мамандарымен еңбек жағдайлары және оны қорғау шаралары жайлы семинар-кеңестер ұйымдастыру жұмыстары қолға алынсын. Облыстық еңбек- әлеуметтiк басқармасы. Әр жыл сайын II. Алдын алу және ескерту шаралары 1. Адамдардың ден саулығына зиян келтiретiн факторлары бар жұмыс орындарын арнайы өлшеу құралдары арқылы лабораториялық өлшеуден өткiзiп, соның нәтижесiмен жұмыс орындарын аттестациялау жұмысы мекеме, шаруашылық басшыларына жүктелсiн. Аттестацияның қорытындысымен жұмыс орнындағы адам денсаулығына зиян келтiретiн факторларды жою шаралары жедел қолға алынсын. Аудан және Қапшағай, Талдықорған,Текелi қалаларының әкiмдерi, шаруашылық, мекеме басшылары. Жұмыс орны аттестациялау ережесiнесәйкес. 2. Жеңiлдiк берiлген зейнет ақымен қамтамасыз етуге құқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, лауазымдық мамандықтардың және көрсеткiштердiң тiзiмi (№ 1 және № 2) зейнетақы тағайындау кезiнде жан-жақты қаралып, мекеме, шаруашылық басшыларының тарабынан әдiлеттi қолдау табылатын болсын. Облыстық еңбекәлеумет басқармасы, аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi. Тұрақты. 3. Зиянды және қауiптi жұмыс орындарында қызмет жасайтын адамдарды арнайы киiмдермен, сүтпен және басқа да дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мекеме және шаруашылық басшыларының тiкелей мiндетiне енгiзiлсiн. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, шаруашылық, мекеме басшылары. Тұрақты. 4. "Еңбек қорғау" заңының 17-шi бабына сай, әйелдер мен он сегiз жасқа толмаған адамдардың еңбегiн зиянды және қауiптi еңбек жағдайы бар жұмыстарға, сондай-ақ ауыр жүктi көтеру және оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалану заңда белгiленген тәртiппен шектелсiн. -"- -"- 5. Коллективтi шарт (контракт) жасағанда зиянды және қауiптi еңбек жағдайы бар жұмыс орындарының нақтылы жайы, онда iстейтiн адамдарға көрсетiлетiн жеңiлдіктер мен орнын толтыру шаралары толық жазылып, оның бұлтарыссыз орындалуы мекеме және шаруашылық басшыларына жүктелсiн. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, облыстық еңбекәлеумет басқармасы. Тұрақты. 6. Жұмыскерлердi еңбек жағдайын және оны қорғау техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау, сондай-ақ оларды мерзiмiнде инструктаждан өткiзiп тұру жұмысы мекеме және шаруашылық басшыларына жүктелсiн. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, шаруашылық, мекеме басшылары. Тұрақты. III. Еңбек жағдайы және оны қорғау жұмысын қадағалау. 1. Еңбек жағдайы және оны қорғау қызметкерлерiн уақытылы оқыту, бiлiмiн көтеру, аттестациядан және қайталай аттестациядан өткiзу шаралары жан-жақтан бақылауға алынсын. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, облыстық еңбекәлеумет басқармасы, шаруашылық, мекеме басшылары. 1997 - 2000 ж. 2. Еңбек жағдайы және оны қорғау шараларына арнайы қаржының бөлiнуi және оның жұмсалуы бақылауға алынсын. -"- -"- 3. Зиянды және қауiптi жұмыс орындарында қызмет жасайтын адамдарды арнайы киiмдермен, сүт, сабын, порошок және басқа да дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үздiксiз бақылауға алынсын. Шаруашылық, мекеме басшылары, облыстық еңбекәлеумет басқармасы. -"- 4. Шаруашылықтардағы зиянды және қауiптi жағдайлары бар жұмыс орындарының аттестациядан өтуi, онда iстейтiн адамдарға заңды жеңiлдiктердiң, орнын толтыру шараларының белгiленуi бақылауға алынсын. Облыстық еңбекәлеумет басқармасы. 1997 - 2000 ж. 5. Мекемелерде, шаруашылықта қызмет жасайтын жұмыскерлердiң,әсiресе әйелдер мен 18 жасқа толмаған жас өспiрiмдердiң жыл сайын дәрiгерлiк бақылаудан өткiзiлiп тұруы қадағалансын. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, облыстық еңбек әлеумет басқармасы. 1997 - 2000 ж. 6. "Еңбек қорғау" заңының 26,28 баптарына сәйкес еңбектi қорғау жөнiндегi заң және өзге де нормативтiк актiлердi бұзуға кiнәлi, не қадағалау мен бақылауға кедергi келтiрушi лауазымды адамдар белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық, немесе қылмыстық жауапқа тартылсын. -"- -"- 7. Жазатайым мерт болған, өндiрiстегi жазатайым жағдай, кәсiби ауруға ұшырағандар туралы арнайы тексеру құжаттары уақытылы жергiлiктi прокуратураға өткiзiлiп, кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы талап етiлсiн. Облыстық еңбекәлеумет басқармасы. -"- 8. Топтық ауыр жазатайым жағдай, әсiресе кiсi өлiмiне байланысты болған жағдайда шұғыл мәселе көтерiлiп, аудан, қала әкiмшiлiгiнде, еңбекәлеумет басқармасы Советiнiң отырысында, мемлекеттiк инспекторларының қатысуымен қаралатын болсын. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, облыстық еңбекәлеумет басқармасы -"- 9. "Еңбек қорғау" заңының 9 бабына сәйкес еңбектi қорғау жөнiндегi заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердi бұзғаны үшiн кәсiпорын басшыларына, лауазымды адамдарына, басқарып отырған орнына лайықты емес, деген ұсыныс облыс әкiмiнiң атына берiлетiн болсын. Облыстық еңбек әлеумет басқармасы. -"- IV. Еңбек жағдайы және оны қорғауды есепке алу. 1. Облыстық еңбек және әлеуметтiк қамсыздандыру басқармасына, толық куәландырылған еңбек жағдайы және оны қорғау туралы есеп құжаттарын (I-Т жылдық еңбек жағдайы, I-ОС, 7-ТПЗ жартыжылдық) уақытылы жеткiзiп тұру шаруашылық, облыстық басқарма, т.б. кәсiпорын басшыларына жүктелсiн. Аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерi, облыстық басқарма, шаруашылық басшылары. -"- 2. Еңбек жағдайы және оны қорғау туралы қорытынды ақпарат жыл сайын Облыстық әкiмшiлiкке берiлетiн болсын. Облыстық еңбек, әлеуметтiк басқармасы. 1997 - 2000 ж. Облыстық еңбек және әлеуметтiк қамсыздандыру басқармасының бастығы З.Мыңбаев