О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 1998 года N 376 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 апреля 1998 года N 3894 "О квоте иммиграции на 1998 год" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1998 жылға арналған көші-қоны квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "1998 жылға арналған көшi-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын және мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен белгiленген 1998 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 270 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстың қалалары мен аудандарына N 1 қосымшаға сәйкес негiзiнде бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау мен орналастыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық көшi-қон және демография басқармасы: - өздерiнiң тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) белгiленген көшi-қон квотасы шеңберiнде қабылдауды және орналастыруды ұйымдастырсын; - адамдар мен олардың үй мүлкiн қоныстану пункттерiне дейiн тасымалдау қамтамасыз етiлсiн; - репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеу, көлiк шығындарын өтеу және тұрғын үй алуы қамтамасыз етiлсiн; - облыстық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды ұйымдастыруға, қабылдауға және орналастыруға бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалану қамтамасыз етiлсiн; - репатрианттарды (оралмандарды) жергiлiктi жерлерде қоныстандыруға және орналастыруға байланысты облыстық басқармалардың және атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiру қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi: - репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, орналастыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн; - репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын туыстық байланыстарына және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыруға байланысты жинақы қоныстандыру мекендерiн анықтасын; - репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша сыныптар мен мектептер ашу арқылы ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын; - репатрианттарға (оралмандарға) кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптерiн жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға және шағын несиелер бөлiнуiне жәрдемдессiн.
Тармақ 5
5. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес: - облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн шешсiн.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау басқармасы: - репатрианттар (оралмандар) отбасыларының белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарды орындауын қамтамасыз етсiн; - облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн медициналық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн; - медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдi мөлшерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық жұмысқа орналастыру орталығы - еңбек биржасы: - репатрианттар (оралмандар) отбасыларының еңбекке қабiлеттi ересек мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде, сондай-ақ оларды қажеттi мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнiндегi шаралар қолдансын.
Тармақ 8
8. Бiлiм беру департаментi: - репатрианттардың (оралмандардың) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Аумақтық кеден басқармасы: - қажет болған жағдайда уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Iшкi iстер басқармасы: - репатрианттардың (оралмандардың) облыс аумағы жолдарында және олардың орналасқан жерлерiнде жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн; - келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн; - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Ауылшаруашылық басқармасы: - репатрианттардың (оралмандардың) меншiк малдарын мемлекеттiк шекарадан олардың тұрақты тұратын мекендерiне дейiн айдауды ұйымдастыруға, тасымалдауға және малдәрiгерлiк тексеруден өткiзуге көмек көрсетсiн.
Тармақ 12
12. Осы шешiмнiң орындалу қорытындысы туралы облыс әкiмi аппаратына үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама беру көшi-қон және демография жөнiндегi басқармаға тапсырылсын.
Тармақ 13
13. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т. Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 14. Шығыс Қазақстан облысы бойынша репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру квотасының 1998 жылға бөлiнуi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы N 521 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру квотасының 1998 жылға бөлiнуi Облыс әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев
Басқа 15. Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру жөнiндегi облыстық штабтың
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы N 521 шешiмiне N 2 қосымша Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру жөнiндегi облыстық штабтың Құрамы: Абайдiлдин Т.Ж. - штаб бастығы, облыс әкiмiнiң орынбасары Омаров Б.А. - штаб бастығының орынбасары, көшi-қон және демография жөнiндегi басқарма бастығы Штаб мүшелерi: Болотова О.Г. - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бас басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары Үтепов Б.М. - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Бақтыбаев Ж.Т. - iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Аңдағұлов К.Б. - денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәлғаждаров А.Б. - аймақтық кеден басқармасы бастығының орынбасары Шәкенов М.Ш. - сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы Сәбитов Т.К. - жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Данияров Б.К. - мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Коляда Ю.И. - Мемсанэпидемқадағалау басқармасы бастығының орынбасары Аязбаев Е.М. - бiлiм департаментi бастығының орынбасары Буранов В.И. - құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумаққа құрылыс салу басқармасы көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Т.Ибраев