О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 1998 года № 1305 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін: Әбдібеков                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және Нұрмұхамбет Қанапияұлы       жаңа технологиялар вице-министрі, Шоқпытов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы Андар Мәулешұлы              вице-министрі, Қиынов                     - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ Ләззат Кетебайұлы            вице-министрі; мына: «Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық Марат Әпсеметұлы             даму және сауда вице-министрі»; көрсетілген құрамнан Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы, Қосынов Алмас Олжабайұлы, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов