О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 января 1998 года № 19 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген, Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы ережеде:
5-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
"Лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде бір жолғы лицензиялық алым енгізеді".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.