О мерах по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 1998 года № 376 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 апреля 1998 года № 3894 «О квоте иммиграции на 1998 год» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«1998 жылға көшiп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi № 3894 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 376 қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. «1998 жылға көшiп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi № 3894 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 376 Қаулысын орындауда ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыстық көшi-қон және демография жөнiндегi басқарма (А.А.Қаражанов) қалалар мен аудандар әкiмдерi: - Ресейден, Монғолиядан және Қытайдан тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген репатрианттар (оралмандар) жанұяларын белгiленген квотаға сәйкес көшiрiп әкелудi ұйымдастырсын; - Репатрианттар отбасыларының мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ қажеттi кәсiптерге даярлауға шаралар қабылдасын; - Қостанай облысына тұрақты тұруға келген репатрианттарға Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес әлеуметтiк қамтамасыз ету және зейнетақы, жәрдемақы төлеу мәселелерiн уақытында шешсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы, қалалар мен аудандар әкiмдерi: - репатрианттар (оралмандар) отбасыларын көшiрiп әкелу, қабылдау және орналастыру бiр рет берiлетiн жәрдемақы, көлiкке төлемақы, үй сатып алуға, адаптация өту пунктiн ұстау және ұйымдастыру жұмыстары үшiн жұмсалатын шығындарды уақытында қаржыландырсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi: - шет елдерден жаңадан қоныстанатын жерiне дейiн оралмандарды және олардың үй мүлiктерiн тасып жеткiзудiң тәртiбiн анықтасын; - Монғолиядан, Қытайдан және Ресейден кешiп келетiн (1қосымша) репатрианттар (оралмандар) жанұяларын қабылдауды орналастыруды және оларға тиiстi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн; репатрианттарды туыстық, шаруашылық-өндiрiстiк байланыстарына сәйкес тиiмдi қоныстандыру үшiн меншiк нысанына қарамастан шаруашылықтар, кәсiпорындар мен мекемелер тiзiмiн бiр жетiлiк мерзiм iшiнде облыстық көші-қон және демография жөнiндегi басқармаға тапсырсын; - тұрғын үйлер салу және жеке шаруашылықтар құру үшiн көші-қон жер қорынан жер телiмдерiн бөлу белгiленген тәртiпке сай жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Р.Х. Өзбекғалиев) мыналарды қамтамасыз етсiн: - репатрианттардың Қазақстан аумағында көшiп келе жатқан жолында және қоныстанған орындарында жеке басы мен мүлкiнiң аман сақталуын; - репатрианттарды (оралмандарды) уақытылы тiркеудi, республика аумағында жүрiп-тұруға қажеттi құжаттарын ресiмдеудi; Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға тiлек бiлдiргендердi және тұрақты тұруға рұқсат алғандардың құжаттарын ресiмдеудi.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (В.Б.Якимов) облысқа көшiп келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн дәрiгерлiк байқаудан өткiзудi ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық бiлiм департаментi (Б.Б.Баймағамбетова); - оралмандардың шет елдерден алған бiлiмдерi туралы құжаттарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы бiлiмдiк стандартқа сәйкес, тең дәрежелi екенiн мойындауын қамтамасыз етсiн. Қажет болған жағдайда кәсiптiк оқу орындарында көшiрмелi оқу жоспары арқылы мерзiмдi оқыту ұйымдастырсын; - жергiлiктi бюджеттегi оқу орындарында репатрианттардың (оралмандардың) балаларын тегiн оқыту, тәрбиелеудi, сонымен қатар қажет болған жағдайда ересектердi қазiргi қазақ алфавитiмен оқытып, сауат ашуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Ш.Н.Байтеңiзов): - репатрианттардың (оралмандардың) шыққан мемлекетiнен ата-мекендегi қонысына дейiн жеке меншiк малдардың тасуға, айдап әкелуге, жеке мал дәрiгерлiк бақылаудан өткiзуге көмек жасасын.
Тармақ 8
8. Облыс Әкiмiнiң орынбасарын (А.Н.Қайшарова) басқаруымен репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру үшiн облыстық комиссия құрылсын (2 қосымша).
Тармақ 9
9. Облыстық көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасы (А.А. Қаражанов) осы шешiмнiң орындалғаны туралы хабарламаны облыс әкiмiнiң аппаратына 1998 жылдың 15 желтоқсанын дейiн тапсырсын.
Басқа 10. Қостанай облысы бойынша 1998 жылға оралмандарды қабылдау және орналастыру үлесiн бөлу
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 20 мамырдағы № 80 шешiмiне 1 қосымша Қостанай облысы бойынша 1998 жылға оралмандарды қабылдау және орналастыру үлесiн бөлу № Қалалар мен Қабылданатын отбасының саны аудандар Барлығы Қытайдан Монғолиядан Ресейден 1. Алтынсарин           5                             5 2. Әулиекөл             7                   3         4 3. Аманкелдi            - 4. Денисов              4        4 5. Жангелдин            - 6. Жiтiқара             10                  3         7 7. Қамысты              5                   3         2 8. Қарабалық            20                            20 9. Қарасу               - 10. Қостанай            15                            15 11. Меңдiқара           23                  5         18 12. Науырзым            7                   2         5 13. Сарыкөл             20                            20 14. Таран               10                            10 15. Ұзынкөл             20                            20 16. Федоров             10                            10 17. Арқалық             - 18. Қостанай қаласы     12       2                    10 19. Рудный қаласы       6        4                    2 20. Лисаков қаласы      6                   4         2 Барлығы:            180      10         20        150
Басқа 11. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 20 мамырдағы № 80 шешiмiне 2 қосымша Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Әлия Нұрышқызы Қайшарова - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрайымы Ақшал Ахметұлы Қаражанов - облыстық көшi-қон және демография басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Ғайнеш Сейтқалиқызы Жақабаева - облыстық көшi-қон және демография басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы Ғұмар Ғарифұлы Ахметчин - облыстық «Қостанай таңы» газетiнiң редакторы Бағила Бiрмағамбетқызы Баймағамбетова - облыстық бiлiм департаментiнiң бастығы Шаяхмет Нұрахметұлы Байтеңiзов - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Римма Ғабдолқызы Ғайсенова - облыстық мәдениет басқармасының бастығы Сағынтай Қажмағамбетұлы Досмағамбетов - облыстық жұмыспен қамту-еңбек биржасы орталығының бастығы Райымхан Халелұлы Өзбекғалиев - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы Сағындық Мұқашұлы Орынтаев - облыстық «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы (келiсiм бойынша) Қуаныш Төребекұлы Орманов - облыстық телерадиокомпанияның төрағасы (келiсiм бойынша) Сергей Васильевич Харченко - аймақтық «Костанайские новости» газетiнiң бас редакторы (келiсiм бойынша) Валентин Борисович Якимов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы