О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 1999 года N 1433 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап
жұмыс істейтін министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар
қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
3-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"3 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 863
оның ішінде:
1) Қазынашылық комитеті 154
2) Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті 118
3) Қаржы бақылау комитеті 71";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап
жұмыс істейтін министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық
органдары қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
2-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"2 1) Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті 4180
2) Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 250
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті 948".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.