О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 108 и от 7 февраля 2000 годa N 183 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 және 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикiзаты бойынша жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикізаты бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiнде: "Қатты пайдалы қазбаларды өндiру" тарауы мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1, 6-2 - жолдармен толықтырылсын: "6-1 Старое қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан 6-2 Чашинское қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан". 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.