О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 142 "Об утверждении Правил организации и проведения аукционов и конкурсов коммерческих предложений по продаже имущества ликвидируемых банков и страховых (перестраховочных) организаций в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде мүлкін сату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1136 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 11 басылымдарында 2000 жылғы 22 мамырда - 4 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1502 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
кіріспеде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" деген сөздер "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.