О приостановлении действия постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 150 "Об утверждении Инструкции о порядке расчета собственного капитала страховых и перестраховочных организаций" и Инструкции о порядке расчета собственного капитала страховых и перестраховочных организаций Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуын тоқтату туралы
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру қызметiн реттеу жөнiндегi жаңа талаптарға көшуге бейiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуы 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмге тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.