О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 328 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерінде: мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: "Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті."; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге; 2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге; 3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға; 4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға; 5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; 6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс."; 2-тармақта: 1) тармақшада: "орындау" деген сөз "сақтау" деген сөзбен алмастырылсын; қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады; 8) тармақшада "қызметтік міндеттерді орындауға" деген сөздердің орнына "мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына" деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;". мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын: "10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру; 11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады."; 3-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;"; 6) тармақшада "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын: "7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге; 9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті;"; 4-тармақта 2) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;"; 5-тармақта "қолданылады" деген сөз "қолданылуы мүмкін" деген сөздермен алмастырылсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет этикасы нормаларын сақтаумен қоса: 1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге; 2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.