О внесении дополнений в решение акима области от 21 января 2000г N 7 «Об утверждении Правил использования резерва местных исполнительных органов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің «Жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдаланудың ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешіміне қосымшалар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 230 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешіміне төмендегідей қосымшалар енгізілсін: 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын; «4). облыс әкімінің шешімімен белгіленген өзге де күтілмеген шығыстар». тоғызыншы тармақ тасталсын; 15 – тармақ мынадай мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын: «3). бөлінген несиенің сомасы облыстық мәслихат сессиясының шешімімен тиісті қаржы жылына белгіленген жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу сомасынан аспауы тиіс». «5-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу. 17-1. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу үшін жергілікті бағдарламалардың әкімшілері, аудандардың және Орал қаласының әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады. 17-2. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді. Қаржы жылының ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нен аспауы тиіс. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімінің бұрын қабылданған шешімдері есепке алынады. 17-4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті органдардың резервіне өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды. 17-5. Аудандардың және Орал қаласы әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.