Об утверждении изменений и дополнений в Правила организации и проведения аукционов и конкурсов коммерческих предложений по продаже имущества ликвидируемых банков в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года № 142 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi № 142 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 25.02.2006 № 40 қаулысымен.
Сақтандыру мен банктiк қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 142 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасынан осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды алған күннен бастап төрт күннен аспайтын мерзімде еріксіз түрде таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковқа жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 142 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 31 наурыздағы
N 82 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 142 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 142 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Ереженiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесi";
Тармақ 2
2. Кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында әзiрлендi және ықтиярсыз және өз еркiмен таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату тәртiбiн айқындайды.";
Тармақ 3
3. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ережеде ықтиярсыз және ерiктi түрде таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - таратылатын банктер, сақтандыру ұйымдары) мүлкiн сату жөнiнде сауда-саттық - аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, таратылатын банктерде, сақтандыру ұйымдарында ақша жетiспеген жағдайда таратылатын банктердің, сақтандыру ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттері белгіленеді";
Тармақ 4
4. Ереженiң 2-тармағынан бастап бүкіл мәтін бойынша "банктердiң", "банктің" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру ұйымдарының", ", сақтандыру ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 5
5. 2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі екінші сөйлем алынып тасталсын;
Тармақ 6
6. 4, 7-тармақтардағы "тартылған сарапшылар" деген сөздер "бағалау қызметіне арналған лицензиясы бар бағалаушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 7
7. 12-тармақтың бiрiнші бөлiгіндегі екінші сөйлем алынып тасталсын.