О внесении дополнений в решение акима Костанайской области от 21 декабря 2000 года № 240 "О реализации постановлений Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2000 года № 1527 "О некоторых вопросах дорожной отрасли" и от 5 декабря 2000 года № 1809 "Об утверждении Правил классификации и перечня автомобильных дорог общего пользования республиканского значения Республики Казахстан" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалануындағы автомобиль жолдарының жiктелу тәртiбi мен тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 және "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулыларын жүзеге асыру туралы" Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 240 шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 11.07.2011 № 9 шешімімен. "Автомобиль жолдарының қызмет етуiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттiң несиегерлiк берешегiн өтеу мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
"Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалануындағы автомобиль жолдарының жiктелу тәртiбi мен тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 және "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулыларын жүзеге асыру туралы" Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 240 шешiмiнiң 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азат жолмен толықтырылсын: "Автомобиль жолдарының қызмет етуiн қамтамасыз етудiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламасын орындау бөлiгiнде (өзара берешектердi салыстыру актiсiне сәйкес) 2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша автомобиль жолдары мемлекеттiк мекемесi берешегiнiң құқықты иеленушiсi болып, Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi белгiленсiн.".