О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 21 июля 2000 года № 878 "О внесении дополнений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 "О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 878 шешiмiне өзгергiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 22 ақпандағы № 995 шешімімен. Облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшiн және облыста жыртқыштардың жеке түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегi шараларды күшейту үшiн ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 878 шешiмiмен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының кiрiстерi мен шығыстарының қосымша сметасының 4, 3 тармағы бойынша шығыстарды шығарып тастасын және босаған қаражаттарды облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiмен бекiтiлген облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының кiрiстер мен шығыстар сметасының 1.6, 2.2, 4.2, 6.2 тармақтарын қаржыландыруды, арттыруға жұмсасын, оның iшiнде:
Тармақша 1
1) Жарма ауданының Ақбұзау - Шар топтық су құбырының бөлгiш желiлерiн салуға 3.300 мың теңге көлемiнде;
Тармақша 2
2) "Аэропорт Усть-Каменогорск" ашық акционерлiк қоғамының автошаруашылығы аумағында су құбыры жүйесiмен бiрге арнайы автокөлiгiнiң жуу қондырғысын салуға 3000 мың теңге көлемiнде;
Тармақша 3
3) облыстық аң аулайтын жерiнде қасқырға қарсы күрес және оларды жою үшiн сыйлық беру жөнiндегi шараларды орындауға 1000 мың теңге көлемiнде;
Тармақша 4
4) Семей қаласының Арматура зауытының радиоактивтi қоқысын көму жөнiнде табиғатты қорғау жобасын орындауға және аумақты дезактивациялау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге 700 мың теңге көлемiнде.
Тармақ 2
2. Облыстық конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.Ә.) "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес жоғарыда аталған шаралар бойынша жұмыс жүргiзуге тендер өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (Браташ И.В.) конкурстық комиссияның шешiмiне сәйкес конкурс жеңiмпазымен жұмысты жүргiзуге шарт жасасын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.