О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 21 января 2000 года № 9 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 284 «2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік классификацияларға № 15 өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2000 жылғы 15 маусымдағы № 15 хатына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің «2000 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешімінің № 2 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін:
4.9.263.53. «Жергілікті деңгейдегі білім объектілерін салу және күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру нысаны «Басқалар» сөзімен толықтыру;
5.9.254.52. «Жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау объектілерін салу және күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру нысаны «Басқалар» сөзімен толықтыру;
6.9.258.52. «Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қамту объектілерін салу және күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру нысаны «Басқалар» сөзімен толықтыру;
8.9.263.54. «Жергілікті деңгейдегі мәдени және спорт объектілерін салу және күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру нысаны «Басқалар» сөзімен толықтыру.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.