О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 21 января 2000 года № 9 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 284 «2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік классификацияларға № 15 өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2000 жылғы 15 маусымдағы № 15 хатына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің «2000 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешімінің № 2 қосымшасына келесі толықтыру енгізілсін:
2.2.105.32.30 Өрт қызметтері қаржыландыру формасы «Ұстау, әлеуметтік төлемдер»;
2.2.105.32.35 Төтенше жағдайлар жөніндегі шаралар қаржыландыру формасы «Шаралар»;
3.1.251.02.03 Жергілікті аппарат органы, қаржыландыру формасы «Ұстау, әлеуметтік төлемдер»;
3.1.251.30.32 Нақты тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдау және бөлу орындары, қаржыландыру формасы «Ұстау, әлеуметтік төлемдер»;
3.1.251.30.34 Қылмыстық атқарушы жүйе қаржыландыру формасы «Ұстау, әлеуметтік төлемдер»;
4.5.251.11.30 Ішкі істер органдары үшін кадрларды қайта даярлау қаржыландыру формасы «Ұстау»;
5.2.254.45.32 Туған, туатын және аяғы ауыр әйелдерге медициналық көмек көрсету қаржыландыру формасы «Ұстау»;
6.2.258.38.00 Ұлы Отан Соғысының жеңісіне арналған 55 жылдық мерекесін тойлау қаржыландыру формасы «Әлеуметтік төлемдер»;
6.9.258.28.00 Бұрынғы бюджеттік ұйымдардың мерзімі өткен қаржы міндеттемелерін орындау қаржыландыру формасы «Мемлекеттік тапсырма»;
10.1.257.30.00 Малдәрігерлік шараларды жүргізуге жергілікті деңгейде ықпал ету қаржыландыру формасы «Басқалары»;
13.3.272.80.00 Шағын кәсіпкерлікті қолдау қаржыландыру формасы «Ішкі несиелендіру».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.